Медицина ғылымы мен фармациядағы инновацияларды қалай басқаруға болады
Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының басшысының бастамасымен және Жобаларды басқару мен коммерцияландыру офисімен «Академияның коммерцияландыру және ғылыми қызмет нәтижелері. Жетістіктер мен перспективалар» көрмесі өткізілді. Көрме 21 қазанда кіші мәжіліс залында өткізіліп, Академия қызметкерлері мен білім алушыларының коммерцияландыру және ғылыми қызмет саласындағы жетістіктеріне арналды.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру кез-келген ұйымның стратегиялық дамуының қажетті шарты болып табылады, өйткені ол жаңалықты құруды қамтамасыз етеді, дағдылар мен алған білімдерін кеңейтеді, білім беру кеңістігі мен ғылымындағы технологияларды жетілдіреді. Егер өндірісте өнім шығарумен айналысатын болса, онда білім беру мен медицинада халықаралық базаларда индекстелген журналдардағы ғылыми қызмет нәтижелерімен бөліседі, кейбір ғалымдар қорғау құжаттарын, патенттерді, авторлық куәліктер мен авторлық құқықтарды алуға бағытталады.
ОҚМА-ның жетекші ғалымдары мен мамандары өздерінің ғылыми еңбектерінде (мақалалар жариялау, халықаралық конгрестерде, симпозиумдарда баяндамалар жасау және т.б.) статистикалық әдістермен алынған деректерді жүйелейді, жинақтайды, салыстырмалы талдаулар жасайды және өңдейді.
Ашылған сектор бастаушы үйірме студенттеріне, Жас ғалымдарға және ОҚМА профессор-оқытушылар құрамына ғылыми зерттеулер әлеміне енуге, зияткерлік меншікке өтінім беру тәсілдерімен танысуға, аурулар мен аса қауіпті инфекциялар туралы пайдалы және сенімді медициналық ақпаратты табуға, фармация, медицина және денсаулық сақтау бойынша журналдарды анықтауға мүмкіндік береді.