Біз туралы
Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисі ғылыми зерттеулер жүргізу, рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетумен айналысатын Академияның бөлімшесі болып табылады.
Офистің міндеттері
- ғылыми зерттеулер жүргізу, зерттеу дизайнын таңдау, деректер базасын пайдалану, мақалаларды жариялау мәселелерінде Академияның білім алушылары мен қызметкерлеріне кеңес беру
- коммерцияландыру, зияткерлік меншікті қорғау, лицензиялау мәселелері бойынша Академияның білім алушылары мен қызметкерлеріне консультация беру;
- коммерцияландыру үшін жобаларды, технологияларды, инновацияларды іздеуде консультациялық көмек көрсету;
- оқыту семинарлары мен вебинарларын ұйымдастыру және өткізу;
- Академияның білім алушылары мен қызметкерлеріне статистикалық бағдарламаларды пайдалану және статистикалық есептеу әдістерін таңдау мәселелері бойынша консультация беру;
-
Офистің меңгерушісі: Бекарысова Дана Сапарғалиқызы, MD, «Сentral Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics» журналының әлеуметтік медиа эдвайзерлер командасының мүшесі, «EMEUNET» комитетінің мүшесі, «Rheumatology International», «Journal of Korean medical science», «Сentral Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics», «Clinical Rheumatology» журналдардың тұрақты рецензенті.
-
Офистің менеджері: Малика Шертай, биотехнолог, биотехнология және медицина саласындағы start-up жобалар мен өнімдерді коммерцияландыру басқармасының сарапшысы, «Болашақ» және «GIST Business Incubation Program» бағдарламаларының стипендиаты.
-
Офистің медициналық статисті: Мухамедияров Майдан Нагашыбаевич, медицина ғылымдарының магистрі