Сонымен, CAJMHE-де жариялағысы келетіндердің барлығы журналдың келесі мақалаларды жариялайтынын білуі тиіс:
✔іздеу стратегиялары бар әдеби шолулар 
✔жүйелі шолулар 
✔сараптамалық қорытындылар
✔түпнұсқа зерттеулер
✔әдебиеттерге кең шолу жасайтын жағдайлық зерттеулер
✔сарапшылармен сұхбат
✔кездесулер туралы есептер
✔хаттар мен бейнематериалдар


📃Сіздің қолжазбаңыздың құрылымы келесі бөліктерді қамтуы керек: 
1.    Атауы
2.    Құрылымдық аннотация
3.    Кілт сөздер
4.    Барлық авторлардың ORCID идентификаторлары, олардың дұрыс аты-жөні, өмірбаяндық жазбалары, жарияланымдары туралы толық ақпарат.
5.    Қысқартулар тізімі
6.    Жұмыстың негізгі мәтіні
7.    ICMJE авторлық критерийлеріне сәйкес авторлық үлес
8.    Алғыстар
9.    Мүдделер қақтығысын ашу
10.    Қаржыландыру
11.    Зерттеуге қатысушылардың этикалық рұқсаты және жазбаша ақпараттандырылған келісімдері
12.    Пайдаланылған көздер
13.    Кестелер
14.    Кестелерге түсініктемелер

* Қолжазбаларын CAJMHE-ге жіберуді жоспарлап отырған авторларға арналған толық нұсқаулыққа сілтеме: https://cajmhe.com/index.php/journal/for-authors