Алдағы "Ғылыми мақалалар жазу және редакциялау: докторанттарға, зерттеушілерге және ғылыми жетекшілерге арналған ұсыныстар" вебинары туралы хабарлаймыз!
Вебинар бағдарламасы:
1. Medline/PubMed, Scopus, Web of Science және DOAJ әдебиеттерін жан-жақты және жүйелі іздеу принциптері;
2. Онлайн-сауалнамалар жүргізу және олар бойынша есептер жасау;
3. Ғылыми зерттеулер үшін әлеуметтік медиа көрсеткіштерін пайдалану;
4. Ғылыми мақалаларға шолу жасаудың негізгі принциптері;
5. Плагиатты анықтау және алдын алу;
6. Этикалық және дұрыс жазылған ғылыми мақалалардың мысалдарын талдау.
Дәріскер: Армен Гаспарян (PhD, Бирмингем университетінің зерттеу және даму бөлімінің қауымдастырылған профессоры, Дадли, Ұлыбритания; "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ құрметті профессоры, Шымкент қ., Қазақстан. Scopus Дерекқоры бойынша Хирш индексі: 36).
Ұйымдастырушы: Коммерцияландыру және жобаларды басқару офисі, "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ, Шымкент қ., Қазақстан.
Өткізу күні мен уақыты: 14 қыркүйек, сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша, KZ)
Вебинар тілі: орысша
Вебинарға тіркелу what's App нөмірі 77755102556 (Назик Мырзахан) бойынша жүргізіледі