Офис қызметкерлері дөңгелек үстелге қатысты
25 қарашада жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі Бекарысова Д. С. және коммерцияландыру жөніндегі менеджері Шертай М. Ж., фармакогнозия кафедрасының доцент міндетін атқарушы Козыкеева Р. А. және дәрі-дәрмек технологиясы кафедрасының аға оқытушысы Иманалиева С. М. "Биофармакология саласындағы инновациялар, оларды құқықтық қорғау және коммерцияландыру" атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара ҚР Әділет вице-министрі А. Е. Ахметова мен "ҚазПАТЕНТ" директоры Е. К. Оспановтың қатысуымен өтті.