Қазан айында біздің офис академияның студенттері мен қызметкерлері арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 83,3% өз жобаларын құрып, оларды жүзеге асырғысы келетіндерін айтты. Осыған байланысты біздің офистің қызметкерлері өз жобаларын құруға және іске асыруға ниет білдіргендердің барлығына "START-UP клубты" құруға шешім қабылдады!
Біздің офисімізге келіңіздер және клуб мүшесі болыңыздар!